Израиль ұшақтары Сирияға жойқын соққы жасады

3038
Adyrna.kz Telegram

Израиль ұшақтарының Сирияның әуе қорғанысы нысандарына жасаған зымырандық соққысының нәтижесінде сириялық екі әскери қызметкер жараланды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

30 қазанда Сирия Израильдің Дамаск шетіндегі зымырандық шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі хабарлады.

Әскери дереккөзден алынған ақпаратқа сәйкес, Израиль күштері Дамаск аймағындағы нысандарды "басып алынған Палестина территориясының" солтүстік бөлігінен (Иордан өзенінің батыс жағалауы – Фокус) бірнеше зымыранмен атқылаған. Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі олардың бірнешеуін атып түсірді, алайда шабуылдан екі сарбаз жараланып, сондай-ақ "материалдық шығын" әкелген.

"Haaretz" басылымының хабарлауынша, аталған соққы "жер-жер" аталатын зымырандар арқылы жасалған. Дереккөздердің хабарлауынша, нысана Ливанға бет алған және шииттік "Хезболла" тобына бағытталған қару-жарақ партиясы болған.

"Times of Israel" басылымы редакторы Эммануэль Фабиан Twitter-де куәгерлердің зымырандық шабуылдан кейінгі суреттерін жариялады, онда қала сыртындағы бірнеше нүктеде қою түтін көтерілген.

Журналист күндіз зымырандық соққылардың өте сирек болатынына, әсіресе сенбі демалыс күні екеніне назар аударды.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер