ЕРБОЛ АЗАНБЕК: "Алып-сату, өндіру жағынан, экономикамыз көршіге кәдімгідей тәуелді"

3276
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы қымбатшылықтың бір себебі, Қытай шекарасында кептеліс деп кәсіпкерлер шулап жүргелі талай болды. Ол кезде көршіміз не істейді?
Қазақстандық тауарды түрлі желеумен шекараға үйгізіп қойған, ал Еуропаға Қазақстан арқылы күні-түні тең-тең жүк басқан пойыздары ағылып жатыр. Оларға қытай үкіметі субсидия берген.
Қазақстандық жүк пойыздарына субсидия бар еді, оны алып тастаған. Жүк көлігін тоқтатқан.
Төбесі жабық вагондарды кіргізбейді. Біздікілер келіссөз жүргіздік, вагон саны артады дегенмен, Қытай жағына ол бірінші емес, үшінші, әлде бесінші санаттағы мәселе сияқты. Еуропа нарығы маңызды.
Салдары сол бізде тауар қымбаттап жатыр. Кафель сияқты құрылыс заттары бір жылда он рет қымбаттаған. Өндірушілер үшін шикізат жоқ, өнім көлемін, қызметкерлерін қысқартып жатыр. Амалсыз өнімі мен қызмет бағасын көтеруде. Қытаймен кіндігі бір кейбір компаниялар банкрот болудың алдында. Тендершілер мемлекет алдындағы тапсырысты орындай алмай қиналып жатыр. Қаншама адам табыстан айырылады. Салық түсімі азаяды. Алып-сату, өндіру жағынан, экономикамыз көршіге кәдімгідей тәуелді екен. Тентіретпесе де, әлсірете алады.

 

Ербол АЗАНБЕК.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер