Атырау тұрғыны 10 жастағы баласының өліміне жедел-жәрдемді кінәлауда

5037
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 10 жастағы баласы тоққа түсіп мерт болған баланың әкесі бұл іске жедел-жәрдем қызметкерлерін кінәлауда. Олардың заң түрінде жазаланғанын қалайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

Атырау тұрғыны Сергей Писарев 30 қазанда Бесікті ауылына жұмысқа кеткенін, ал әйелі үшінші баласын босанып, ауруханада жатқанын айтты. 10 жастағы ұлы Наиль әжесімен үйде қалған. Ол жасырынбақ ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғанда токқа түсіп қалған. Ер адамның айтуынша, әжесі дереу жедел жәрдем шақырып, олар балаға жасанды тыныс беруге кіріскен, кейін бала тыныс ала бастаған.

"Үйімізде не болып жатқанын көршілер көрді. Жедел жәрдем тез келді, дәрігерлер баланы әжесінің қолынан алып, көлікке қарай жүгірді. Бірақ массаж жасалмаған, оттегі де берілмеген. Баламды алып кетті. Алып кетті, бірақ кейін олар оны өлі күйінде қайтарды", - деді марқұмның әкесі.

Писаревтің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері полиция шақырған, содан кейін олар баланың денесін мәйітханаға жеткізген.

"Мен сараптама жүргізуге қарсы болдым. Олар бала "біз келгенше қайтыс болды" деп өтірік айтты. Неге олай істеп отыр? Қызметкерлер кәсіби әрекет етпегенін жасыру үшін істегеніне сенімдімін. Дәрігерлердің біліксіздігі үшін жауап беруін талап етемін. Өйткені, олар бәрін дұрыс жасаса, балам аман қалуы мүмкін еді", - деді Сергей Писарев.

Ер адам полиция бөліміне арыз жазғанын және жедел жәрдем қызметкерлерінің заң бойынша жазаланғанын қалайтынын айтты.

"Мой город" басылымы әженің сөзін келтірген, ол ауруханаға барар жолда балаға екпе жасалғанын айтқан.

"Мен бірге барғанмын. Біраз уақыттан кейін олар немеремнің дәріге аллергиясы бар ма деп сұрады. Кейін көлікті тоқтатты, ауруханаға жақындап қалған едік. Сосын: "Оны үйіне қайтарамыз, тамыр соғысы жоқ" деді дәрігерлер", - дейді марқұм баланың әжесі.

Баланың туыстары балаға жедел жәрдем көлігінде екпе салғанын анықтауды деп үміттенген, бірақ сараптамада ештеңе анықталмаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер