«Қазводхоз» РМК 3,8 млн теңге тұтыну қаражатын үнемдеді

3789
Adyrna.kz Telegram

«Қазводхоз» РМК «Қостанай-Су» МКК, «Рудненский Водоканал» ЖШС, «Тобыл» МКК-ға жер үсті ағындарын реттеу бойынша қызмет көрсетеді. Пресс-тур аясында кәсіпорын жалпы құны 16 млн 192 мың теңгені құрайтын жаңа арнайы техниканы көрсетті.

2020 жылы бұл қаражатқа 3 млн 299 мың теңгеге қар тазалағыш машина, 12 млн 133 мың теңгеге шөміш тиегіш және 760 мың теңгеге екі резервтік электр қозғалтқышы сатып алынды. Бұл қызмет көрсету сапасын арттырады, бірақ тарифке ешқандай әсер етпейді. «Қазводхоз» РМК директорының орынбасары Қайдар Қосылбаев коммуналдық қызметтерге, ауылшаруашылық және бау-бақша серіктестіктеріне арналған өндірістік судың тарифі өзгермейтінін атап өтті.

Егер бұрын өнеркәсіптік судың бағасы ҚҚС-сыз 1,315 теңге/м3 болса, қазір ол 0,87 теңге/м3 дейін төмендеді. Бұл тариф 2022 жылдың 31 тамызына дейін бекітілген. «Қостанай-Су» МКК мәліметі бойынша тұтынушылар үшін судың бағасы ҚҚС-сыз 14,75 теңге/м3 құрайды.

«Коммуналдық қызметтер бізден суды алып, арнайы қондырғыларда тазартады, содан кейін қала тұрғындарына әкеледі», - деп түсіндірді Қосылбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер