БҰҰ: ДАИШ лаңкестері Ауғанстанның барлық аймағында пайда болды

2632
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лионс ДАИШ (Ислам мемлекеті) лаңкестік тобы қазір 34 провинцияның барлығында дерлік бар екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Лионс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде елдегі билікті басып алған талибан содырлары «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің көбеюіне қарсы тұра алмайтынын айтты.

ДАИШ лаңкестері бір кездері тек бірнеше провинциялар мен астанамен шектелген еді. Ал қазір олар барлық провинцияда бар және өте белсенді,-деді Лионс.

Лион экономиканың тұрақсыздығы мен құрғақшылық салдарынан алдағы қыста гуманитарлық апат болатынын тағы да ескертті. Ол елдегі гуманитарлық көмектің жеткіліксіз екенін айтып, халықаралық қауымдастықты медицина қызметкерлерінің, мұғалімдер мен гуманитарлық сала қызметкерлерінің жалақысын қаржыландырудың жолдарын іздеуге шақырды.

“Экономикалық құлдырау есірткінің, қарудың, адамдардың заңсыз айналымын, сондай-ақ терроризмге ықпал ететін ақша айырбастауын күшейтеді. Бұл патологиялар алдымен Ауғанстанға әсер етеді. Содан кейін бүкіл аймаққа жетеді”, - деді Лионс.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер