Шымкент: Дарынды оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі іске қосылады

1918
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев дарынды балаларды анықтауға және жастарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Елбасының «Ел Үміті» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жоба аясында осы жылдың қазан айынан бастап бүкіл ел бойынша «Qabilet» қызметі іске қосылады.

Бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы оқушылар қатыса алады. Келесі кезеңдерде жасөспірім балалар қамтылады.

Тестілеуден Елбасы Академиясының «qabilet.elbasyacademy.kz» сайтына тіркеліп, жеке кабинет арқылы өтеді. Сондай-ақ, «Дарын» өңірлік орталығының (Шымкент қаласы, Тыныбаев, 49) базасында офлайн жүзеге асырылады. Қызмет оқушыға қолжетімді болу үшін тегін ұсынылады. Сайтқа кез келген құрылғылармен кіруге болады.

Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушы қабілеттілік нәтижелеріне талдау алады. Сондай-ақ, әлеуетті дамыту бойынша консультациялық қолдау мен ұсынымдар беріледі.

Тесттер зияткерлік, коммуникативтік және жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды анықтауға, оларды әрі қарай сүйемелдеуге арналған.

Қиындық туындаған кезде 8 800 080 48 48 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Call орталық сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер