БҰҰ: Украина халқы әлемде қарқынды түрде азаюда

3135
Adyrna.kz Telegram

2050 жылға қарай Украина халқының саны 35 миллион адамға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл әлемдегі ең жылдам құлдырау болмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

Мұндай деректер БҰҰ-ның "Демографиялық үдерістер" атты аналитикалық анықтамасында жарияланды. Бұл процеске аталған елдегі туу деңгейінің төмендігі, өлім-жітімнің жоғары деңгейі және көші-қонның артуы әсер етеді.

Ел билігіне бүгінде тұрақты саяси-қаржылық жүйені құру, сол арқылы өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

Украина халқының соңғы ресми санағы 2001 жылы өтті. Оның қорытындысы бойынша ел азаматтарының саны 48 240 902 адамды құраған. 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ел халқының саны 41,3 миллионға жетті.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров бұған дейін айтқандай, жыл сайын ел аумағында "бүтін бір қала өледі". Ол Украинаның Еуропадағы ең кедей елге айналғанын, бірақ бұл орындарда Молдова мен Албания тұрғанын атап өтті. "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко да украин халқының жойылып жатқаны туралы айтты. Оның пікірінше, халық санының азаюы елге үлкен қауіп төндіріп тұр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер