Танымал ақын Мейірхан Ақдәулетұлы монархияны қолдап өлең шығарған ақтөбелік жас ақын үшін намыстанатынын жеткізді

2740
Adyrna.kz Telegram
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Танымал ақын Мейірхан Ақдәулетұлы соңғы кезде Дариға (Назарбаева — ред.) туралы өлең шығарып, Қазақстанда абсолюттік монархия құруды армандайтынын жырға қосып жүрген ақтөбелік жас ақын Балтабек Нұрғалиев үшін намыстанатынын жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Бұл туралы Мейірхан Ақдәулетұлы  «Шұғыла» шығармашылық орталығының 16 жастағы ақын Дәурен Тілеуханның шығармашылық кешінде көпшілік алдында айтты. Жас баланың талантына тәнті болған Мейірхан Ақдәулетұлы оған өзгелер секілді «өзін жоғалтып алмауын» тіледі.

«Бізде Ақтөбеде Балтабек деген жақсы, талантты жігіт болды. Монархияны қолдады ма, Дариға апам деп өлең жазды ма, соған намыстанып жүрмін. Өзі сондай талантты еді. Енді өзі біледі ғой», — деді Мейірхан Ақдәіулетұлы көпшілік алдында.


Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікірлер