Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге "Антивирус терминалы" құрылғысын ойлап тапты

2541
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен "Антивирус терминалы" құрылғысын ойлап тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі таңда жаңа құрылғы аталған мектепке орнатылып, сынақтан өткізілуде.

"Антивирус терминалы", ең алдымен, адамның дене қызуын өлшеп, қолды автоматты түрде ультрадыбыстық датчик арқылы залалсыздандырады. Арнайы тетіктер арқылы балалар мен ересектер үшін бетперде алу мүмкіндігі де қарастырылып, мұнда "Ashyk" қосымшасы орналатылған.

— Қазіргі таңда белең алған коронавирус пандемиясынан құтылудың бірден бір жолы бетперде тағып, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, адамдармен қарым-қатынасты азайту деп дәрігерлер ескертіп жатыр. Осындай терминал барлық білім ошақтары мен балабақшаларда, қоғамдық орындарында тұрса, індеттен тезірек арылуға аз да болса септігін тигізеді деп сенемін,- дейді Марат Атаназаров.

Терминал адам көп шоғырланатын орындарға қоюға арналған. Басты артықшылығы - автоматтандырылған. Құрылғыны қашықтан бақылап, күтіп- ұстау мақсатында арнайы бейнекамера орнатылған.

Өнертапқыштар жуырда өткен "Дарын" ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен 1- ші орын иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер