Денсаулық жаңалықтары: Шымкент жастары донор болуға белсенділік танытуда

1290
Adyrna.kz Telegram

Қалалық қан орталығына бұл жолы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар, мұғалімдер, рухани жаңғыру орталығының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, волонтерлер және белсенді жастар, жалпы саны 100-ге жуық адам қан тапсыруға жиналды. Оның ішінде талапқа сай келген 30-дан астам адам қан тапсырып, қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесті.

– Жаңа оқу жылын игі іспен бастауды жөн көріп, жастарды оның ішінде студенттерді донорлық акцияға шақырып отырмыз. Жоғары және арнаулы оқу орындарының шәкірттерімен қатар, 10-ға жуық мекеме қызметкерлері бүгінгі акцияда белсенділік танытуда. Әр үш айда осы игі шара жалғасын табады. Орталығымыздың бірқатар қызметкері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Басты мақсат – көмек қолын созу, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры
Ерлан Айтбаев.

Айта кетейік, деннің саулығымен қоса қан тапсыру үшін бірнеше талаптар бекітілген. Қан тапсыруға 18 жасқа толған, салмағы 55 келіден асатын денсаулығында кінәраты жоқ әр адам донор бола алады. Сонымен қатар, 48 сағат бұрын дәрі-дәрмектер мен алкогольді өнімдерді қабылдамау және мүмкіндігінше темекі шекпеу керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер