Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді

738
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 50 пайыздан астамы босады. Нақтырақ айтқанда, 4 350 төсек-орын 2 397-ге қысқарды.

Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты бұл емдеу орталықтарының 13-і жабылды.

Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс ырғағына оралды. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда 1 953 орын бар. Оның тек қана 36 пайызында науқас бар.
Айта кетейік, Шымкент қаласы ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 86,8 % көрсеткішпен көш бастап тұр. Соңғы тәулікте қалада 7286 адам вакцина салды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467 916 адам вакцина салдырды. Ал вакцинаның екі компонентін де салдырғандар саны 388 362 адам.

Пікірлер