Газдың бір литрін 60 теңгеге қайтаруды талап ету өте қызық - Андрей Чеботарев

1731
Adyrna.kz Telegram

Экономист Андрей Чеботарев Қазақстанда сұйытылған газдың неліктен қымбаттайтынын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қаржы сарапшысының авторлық каналына сілтеме жасап.

- Бензинге ұқсас жағдай – нарықты ұзақ уақыт бойы ұстап тұрды. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйылтылған мұнай газы саудасының 100%-ы тауарлық биржа арқылы өтеді, - дейді сарапшы.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, электрондық сауда-саттық арқылы газ өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең дәрежеде жүргізілуде және газдың қажетті көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.

- Биржалық сауда-саттық жағдайында газдың бір литрін 60 теңгеге қайтаруды талап ету өте қызық (шындығында ақылға қонымсыз). Нарықтық экономикада бұл мүмкін емес, әрине, - деді Андрей Чеботарев.

Бұдан бұрын Маңғыстау облысының әкімдігі сұйытылған газ бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді және жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

«Байдильдинов. Нефть» авторлық бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов те осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

- Сұйытылған газдың бағасы баяғыда өсуі керек еді. Бұл да басқа тауарлар сияқты нарықтық тауар. Оның негізгі жабдықтары, материалдар, шығын материалдары – импортталады немесе халықаралық бағаларға тікелей байланысты болады. Мысалы, металл Қазақстанда өндіріледі, бірақ толығымен әлемдік бағаларға тәуелді, - деді сарапшы.

Ал, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы сатуға көшкен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер