Air Astana шетелде қалған қазақстандықтарды елге әкелуге бар жағдайды жасамақ. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі уақытта Ыстанбұлда 500-ден астам жолаушы қалып отыр. Бүгін біздің авиакомпания Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл рейсін жасайды. Ыстанбұлға ұшып шығу уақыты 19:05, ал қону уақыты шамамен 21:25 деп отырмыз. Ыстанбұлдан кері қайту рейсі 22:25 сағатты, елге келу шамамен 06:10 сағатта. Барлық жерлерде жергілікті уақыт көрсетілген»,– делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы