Д. Қонаев даңғылының құрылысы келесі жылы толығымен аяқталады

2286
Adyrna.kz Telegram

Дінмұхамед Қонаев даңғылының құрылысы келесі жылы толығымен тәмәмдалады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің салаға жауапты орынбасары Мақсұт Исахов журналистерге берген сұхбаты барысында баяндады. БАҚ өкілдерін құрылыс басына арнайы алып барған әкімі орынбасары жұмыстың кестеге сай жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, мұндағы жұмысшылардың қауіпсіздігі мен құрылыстың сапасы басты назарда екенін көрсетті.

Бұл жер Дінмұхамед Қонаев даңғылының Валентина Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралығы. Мұнда дәл қазір таңда даңғыл құрылысының  3-кезеңі  жүріп жатыр. Темір жолды жол үстінен өткізу жұмыстарына қарқынды кірісіп кеткен жұмысшылардың қауіпсіздігін бақылаған қала басшысының орынбасары құрылыстың сапасына баса мән беруді тапсырды.

Мақсұт Исахов  - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

3-ші кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілерін тарту, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған.

Мақсұт Исахов  - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

3-ші кезеңнің жұмыстары келесі жылға өтпелі. Ал, жалпы даңғыл құрылысын толығымен тәмәмдау келер жылдың аяғына жоспарлануда екен. Бүгінде, Түркістан көшесі мен Қошқар ата өзеніне дейінгі 1-ші кезең жұмыстары аяқталған. Ал, 2-ші кезең жұмыстарында сатып алу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Айта өтейік, 4-ші кезеңдегі көпірді былтырғы жылы ашып, мәре-сәре болғанымыз естеріңізде болар. Сондай-ақ, Сәуле шағынауданында жүретін 5-ші кезең жұмыстарына астаналық мердігер бекітіліпті. Сонымен қатар, әкім орынбасары сапарында даңғыл бойында салынып жатқан жолайрық құрылысыменде таныстыра өтті. Мұнда қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Туындаған мәселелер төңірегінде сөз қозғаған Мақсұт Пернебайұлы жолдың жүріс бөлігін қарашада ашамыз деп қадап айтты.

Мақсұт Исахов  - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Даңғылдың жолайрық құрылысына 6,2 млрд теңге бөлінген, ал, жалпы 5 кезең бойынша жұмыстарға 18 млрд теңге бөлінген.

 

Г.Асқарқызы

Пікірлер