Түрік шаруасы сиырдан сүт алудың оңай тәсілін тапты (ВИДЕО)

3038
Adyrna.kz Telegram

Ізет Қожақ есімді түрік шаруасы сиырдан сүт алудың оңай тәсілін тапты, дәлірек айтсақ, жаңа технология көмегімен – виртуалды VR-көзілдірігін кигізу арқылы сиырды иітіп, сүттің мөлшерін 22%-ға арттыра алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "The Science Times" ақпарат көзіне сілтеме жасап.

VR-көзілдірік таққан сиыр жаз мезгіліндегі шалғынды белді көріп, стресс пен мазасыздықтан арылады. Жағымды көріністен бір сиырдан 27 литрге дейін сүт шыққан бұрын бұл көрсеткіш 22 литрден аспаған.

Сиырларға арналған виртуалды шындық көзілдірігін мәускеулік мамандар 2019 жылы красногарлық фермерлердің мал дәрігерлерімен бірігіп жасаған екен. Аппаратура ірі қараның көру қабілетіне сай етіп жасалған.

Бұдан бөлек, түрік фермері сиырларына классикалық әуен қойып береді екен. Бұл да сиырдың сүтті мол беруіне ықпал етеді екен.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер