Хирург науқастардың бауырына өз атын күйдіріп жазған

2358
Adyrna.kz Telegram

Британдық дәрігер Саймон Бремхолл операциялар кезінде науқастардың бауырына өз аты-жөнін “С.Б” деп күйдіріп жазғаны үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлыбританияның бас медициналық кеңесі хирург Саймон Брамхолды медициналық тізімнен шығарды. Өйткені ол қалдырған SB инициалдары 2013 жылы бірнеше пациенттің органынан табылған.

Дәрігер хирургия кезінде қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын аргон лазерін қолданған. Әдетте бұл аппарат қан тамырларын күйдіруге арналған. Ол күрделі трансплантация операцияларынан кейін осылай тыныққанын және ауыр процестер кезінде көңілін көншіту мақсатында жазғанын айтады.

Брамхол 2013 жылдың ақпан-тамыз айларында Бирмингемдегі Патшайым Елизавета ауруханасында жұмыс істеген. Сол жерде органдарды трансплантациялау операцияларын жасаған. Операциядан бір апта өткеннен кейін Брамхоллдың жасаған отасы нәтиже бермей, басқа дәрігердің пышағына түскен пациенттің бауырынан 4 сантиметр болып жазылған аты-жөні табылған.

2014 жылы ішкі тәртіптік тергеу барысында істеген әрекеттері үшін отставкаға кетті. Брамхоллға 12 айлық қоғамдық жұмыстарға тартуға үкім шығарылып, 10 мың фунт стерлингке (шамамен 5,9 миллион теңге) айыппұл салынды.

2020 жылдың желтоқсанында хирург кәсіби қызметінен 5 айға шеттетілді. Алайда 4 маусымда болған соңғы отырыста істі қайта қарау бойынша тыңдалым кезінде оның практикаға жарамдылығы  күмән тудырмайтыны көрсетіліп, қызметтен шеттету туралы қаулының күші жойылған.

Алайда соңғы аптада дәрігерлердің трибунал қызметі (MPTS) жүргізген тексеру барысында Брамхоллдың әрекеттері "кәсіби менмендіктен" туындағанын және соның салдарынан медицина қызметкерлеріне деген қоғамдық сенімге нұқсан келгенін жеткізді. Кеңес оны медициналық тізілімнен шығаратынын және тиісті санкция болатынын мәлімдеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер