Атырауда жол апатынан 5 адам көз жұмды

5123
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«4 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды»,– деді ІІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер