Алматыда тәртіпсіздік кезінде қызметтік ит ұрланды

2120
Adyrna.kz Telegram

«Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рустамбек Байхарашевтың бірнеше күннен бері жаны жай таппай жүр. 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерді басу кезінде сарбаз жараланып, өзінің шынайы досы, Найтс атты қызметтік итінен айырылды», - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Әскери қызметкер басынан соққы алғанын, кейін итін алып кеткенін айтты. Рустамбек бүгін жағдайы жақсарып, ұсталған шабуылдаушыны сипаттай алды.

"Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті. Найтс (қызметтік иттің аты) қызметтік кабинетте тыныш отырып, өзінің серіктесін күтті", - деді полиция.

Кинолог Найтспен бірге бір жарым жылдай қызмет етіп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, овчарка иті өте ақылды, мейірімді, тәртіпті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер