Мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығы артады

2616
Adyrna.kz Telegram

Квазимемлекеттік сектордың ірі холдингтері мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2022 жылғы 13 қаңтарда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан келісім алу қағидаларын қабылдады. Бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Осы Қағидаларға сәйкес Қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпияны ашуы тиіс.
Бұл «түпкілікті алушыға дейін» қағидаты бойынша жүргізілетін мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді»,– делінген хабарламада.

Бұған дейін осындай шешімдерді «Зерде» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингтері де қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, Үкімет Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер