Қостанай әкімі аппаратының басшысының қызметтік көлігі адам қағып өлтірді

2333
Adyrna.kz Telegram

Апат 15 қаңтар күні сағат 8.30 шамасында Маяковский көшесінде орын алды. 1997 ж. т. Toyota-Camry қызметтік көлігін жүргізген жүргізуші бағдаршамның жүруге тыйым салынған сары түсіне өтіп, жолдағы әйел адамды итімен бірге қағып кетті. Ит бірден оқиға орнындақайтыс болса, 1970 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізіліп, кейін ол да қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"НГ" оқырмандары көлікті әкімдіктің жүргізушісі, дәлірек айтқанда, Қостанай әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға бекітілген қызметтік көліктің жүргізушісі басқарғанын хабарлады.

Бүгін бұл ақпаратты Қостанай қаласының әкімі Қайрат АХМЕТОВ ресми сауалға берген жауабында растады.

- Аталған автомобиль "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" ММ - нің теңгерімінде, оны аппарат басшысы да пайдаланады, - деп хабарлады Қайрат Ахметов.

- Қазіргі уақытта аталған жүргізуші еңбек міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді. Тәулік бойы бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес қала әкімдігінің жауапты қызметкерлері 10.01.2022-19.01.2022 жылға дейінгі кезеңде ТЖ кезінде, 15 Қаңтарда автомобиль кезекші лауазымды тұлға - әкім аппаратының басшысы В.В. Клочконың қызметтік жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "нг"бұған дейін" сотқа дейінгі тергеу мәліметтері ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын " хабарлаған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер