«Қазтелерадио» АҚ жаңа төрағасы тағайындалды

2116
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мирболат Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызмет атқарды. 1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды.

Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында 20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді. «Құрмет» орденінің иегері, «Құрметті байланысшы».

«Қазтелерадио» АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер