Ерлан Саиров: Шындыққа жаппай ұрып-соғып, қинаумен жету мүмкін емес

2863
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров «Қаңтар қасіреті» оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жан-жақтан азаматтар «Қаңтар қасіреті» оқиғаларынан кейін түзету мекемелеріне түскен кісілерге қинау, азаптау әдістерінің қолданып жатқандығын жеткізіп жатыр.
Әрине, бізге шындыққа жету керек. Бізге мемлекеттік тұтастығымызды сақтаудың тетіктерін жасау өте маңызды! Заң мен тәртіп сол тұтқаның бірегейі! Бірақ, шындыққа жаппай ұрып-соғумен, қинаумен жету мүмкін емес. «Асыра сілтеу» болып жатқан тәрізді. Құқық қорғау орындары мұндай әдістерге үзілді-кесілді бармауы керек деп есептеймін!
Онда отырған кісілер біздің азаматтар, қазақ екендігін, "біреуге бауыр, біреуге аға" болатындығын, сыртқы, ішкі күштердің айдағына ілесіп кетуі мүмкін екендігін ескеруіміз қажет»,– деді ол.

Сондай-ақ депутат «адасқан жандарға» мемлекет өзінің гуманизмін көрсетуі абзал екенін атап өтті.

«Әрине, қолына қару алып мемлекеттік мекемелерге оқ атқан, дүкендерді тонағандар заң жүзінде қатаң жазасын алу керек. Заң қатал, бірақ ол заң.  Заң мен тәртіп – мемлекеттің басты фундаменті. Бірақ, ұрып -соғу, қинау, азаматтық құқықтаны таптауға жол беруге болмайды. Бізге қазір кешірім, мейірім, бауырластық сезімін күшейтетін қадамдар өте қажет.
Құзырлы мекемелерге осы мәселе бойынша жазбаша сұрау жасайтын боламын»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер