Тұңғышбай Жаманқұлов ауруханаға түсіп қалды

9036
Adyrna.kz Telegram

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ауруханаға түсіп қалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол туралы халық әртісінің шәкірті Асқар Наймантаев фейсбуктегі парақшасында жазды. Белгілі болғандай, халық әртісінің халі қазір бірқалыпты.

"Совминкада ұстазым Тұңғышбай Жаманқұлов жатыр екен. Бүгін тауып алдым. Баяғы Желтоқсанда елмен бірге Әзербайжан Мәмбетов екеуі алаңға шығып, жастармен бірге таяқ жеген ғой. Мына дүрбелең басталған күні көшедегі жастарды уайымдап, жанталасып, қан қысымы көтеріліп, тұра алмай қалыпты. Әкімшілік "Аға, алаңға, елдің алдына шығып, сөйлесіп көріңізші" - деп өтінген екен, "әлсіреп, тұра алмай қалдым, әттең, баруым керек еді!" - дей береді.
Ол күндері жедел жәрдем де келмей қалды ғой. Әйтеуір көрші дәрігер табылып, барымен емдеп, ілде-алда қылыпты. Интернет қосылғанда неше түрлі ақпарат көріп, мына жазықсыздарға араша бола алмадым деп ол қан қысымын қайта-қайта көтеріп жатыр. Кешегі "Қазақ әдебиеті" газетін апарып беріп, біраз су сеуіп қайттым.
Ағамыз жан-тәнімен халықпен бірге! Жазықсыз жастардың тілеуін тілеп отыр", — деп жазды Асқар Наймантаев.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер