Алматыда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды (ВИДЕО)

6918
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасы табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құпия орын Шаңырақ ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұсталды.

- Тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық анықталды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі және 291-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер