"Мен үшін басың қатпасын": Нұрлан Албан биліктегі сес көрсеткен "шолақ бастыққа" видеоүндеу жолдады

15682
Adyrna.kz Telegram

Қазақ эстрдасаның белгілі әншісі Нұрлан Албан өзінің Facebook-тағы парақшасына биліктегі белгісіз біреуге қарсы жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

25 қаңтар күні Нұрлан Албан әлеуметтік желіге "Кішкентай шолақ бастыққа!" деген видеоүндеуін жариялап, онда оған биліктегі бір азаматтың хабарласып, "сіз адасып жүрген сияқтысыз, тып-тыныш әніңізді айтып жүре берсеңізші, болашағыңызды ойламайсыз ба?" деп  сес көрсеткенін баяндады. Әншінің болжауынша хабарласқан "шолақ бастық", оның желілердегі мемлекетте орын алып жатқан оқиғаларға деген жеке пікірін меңзеп отыр дейді. 

Өзінің видеоүндеуінде Нұрлан Албан:

"Аса құрметті кішкентай бастық! Мен үшін басың қатпасын! Мен үшін өмір сүрмея қой! Сенің өмірің өзіңде, менің өмірім өзімде. Біріншіден, мен артым қазылады, болашағым не болады деп ойлайтын қазір менде уақыт жоқ. Менің болашағым балаларым. Екіншіден, ән айтам ба, басқа нәрсені айтамын ба ол менің жеке қалауым. Үшіншіден, мемлекеттік төңкеріске араласып жатқан жоқпын. Біреуді адастырып жатқан жоқпын. Осындай жағдайда алып қоятындай мемлекеттің тарапынан берген атақ-даңқтарың да жоқ! Алсаңдар, нелеріңді аласыңдар? Бәлкім, колледждегі 45 000 теңге айлыққа беріп жүрген сабағымнан айырарсың. Білгеніңді істе!" деп жауап берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер