Қазақша, түрікше әнімен жұртты тәнті еткен әнші кім?

3318
Adyrna.kz Telegram

­Ержан Жұмабекұлы – ақын, әнші, сазгер, журналист, докторант (Түркия), «Серпер» сыйлығының иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Мәдениет саласының үздігі» Үржар ауданының құрметті азаматы. Ержан Жұмабекұлының «Шексіздік шұғыласы», «Sonsuzluk Şûlesi» (Түркияда басылып шыққан) атты жыр жинақтары бар. Түркияда бірнеше шығармашылық кеші өткен.

2017 ж. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Shining Star» халықаралық әншілер сайысында Қазақстанның намысын қорғауға барған «Бастау» тобының экс-салисті, әнші Ерасыл Абдуалиев «Гауһартас» әніне жазылған Ержан Жұмабекұлының түрікше өлеңімен бас жүлдені қанжығалаған. Бүгінгі таңда қазақ шоу бизнесіндегі Марат Омаров, Арман Бексұлтан, Ұлықпан Жолдасов, Моллаберген Иламанов, Жарылқасын Дәулет, Сырым Алпысбаев, Рахат Баймурзаев т.б. сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыста. Оның өлеңдеріне жазылған әндерді Марат Омаров, Нұрлан Албан, Серікбол Сайлаубек, Зивара, Фарида Жолдасова, Ерасыл Абдуалиев, Ержұма Маралбек Ертуған Құрмашев, «Заман» тобы, «Сармат» тобы т.б. көптеген әншілер орындап жүр.

Ержан Жұмабекұлының қазақша, түрікше әндерінің біреуі төмендегідей:

Пікірлер