"Досаевтар қаптап кетті": Алматы әкімдігі хабарлама жасады

3165
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атына әлеуметтік желіде түрлі парақшалар ашылып, түрлі үндеулер жазылуда. Алматы әкімдігі ресми хабарлама жасап, аталмыш парақшалардың жалған екенін мәлімдеді. 

"Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз", - деді ресми хабарламады әкімдік.

31-қаңтарда Ерболат Досаев Бақытжан Сағынтаевтың орнына Алматы әкімі болып тағайындалған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер