Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижелілігіне күмән келтіріп, Тегеранға «уранды байыту үшін ешкімнің рұқсаты қажет емес» екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол бұрынғы президент Ибрахим Раисиді еске алу рәсімінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Экс-басшы АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізілмейтінін анық айтты. Әрине, Раисидің билігі кезінде жанама келіссөздер болды, бірақ ешқандай нәтижені көрмедік. Біз әлі де өзара келісім нәтиже беретініне сенбейміз және не боларын білмейміз», – деді Иранның рухани жетекшісі.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімге келу мүмкіндігі жақын қалғанын мәлімдеген еді.