Өзгеріс: Баспана жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді

3179
Adyrna.kz Telegram

Елімізде баспана кезегінде тұрған 590 мың адамның 210 мыңы әлеуметтік санатқа жатады. Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай дерек келтірді. 

«Бүгінгі күні елімізде шамамен 590 мың адам кезекте тұр, соның ішінде 210 мың адам халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады.

Бұл көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар.

Соның ішінде Еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді министр.

Жалдау ақысы мынадай тәртіппен субсидияланбақ:

- 50 % мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады;

- қалған 50 % алушы өз бетінше төлейді.

«70 мың азаматқа қолдау көрсету үшін 50 млрд теңге қажет, бұл ретте көрсетілген қаражат жыл сайын кезекте тұрған адамдар санына байланысты өзгеруі мүмкін», - деді ведомство басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер