Шымкентте тұрғын үйді жалдау салымдарын субсидиялау мехнизмі талқыланды

1677
Adyrna.kz Telegram

ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылуда. Баспананы жалдау құнын субсидиялау механизмі бүгінгі Үкімет отырысында талқыланды. 

Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.
Бүгінгі таңда Шымкентте тұрғын үй алу тізіміне 48 623 азамат тіркелген. Оның ішінде: 16 957 – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы; 9 186 – көпбалалы отбасылар; 1 819 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 27 – жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар; 20 634 – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер. Биыл жалпы 3 701 азаматты баспанамен (748 кезектегілерге және 857 жұмысшы жастарға арендалық, 2 096 кредиттік) қамтамасыз ету көзделуде.
Ал, атаулы көмек бойынша тізім механизм дайындалғанда ғана жасақталатын болады. Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеу қағидатына сәйкес 50% - мемлекет, қалған 50% - ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018 тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топ мүгедектері, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларға ұсылмақ. Аталған субсидиялау механизмінің басты операторы болып «Отбасы Банкі» белгіленді.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
- Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
- Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Жаңа механизм мүдделік органдармен бекітіліп келісілген соң ғана мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер