Бүгін - Мұхтар Мағауиннің туған күні

3373
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, күллі Түркі руханиятының Абыз Ақсақалы Мұхтар Мағауинның туған күні!

Қылышынан қан сорғалаған Кеңес Үкіметінің кезінде "Аласапыраны" арқылы Русь кінәздығын түркілер билегенін ашық жазды.

Қазақ әдебиетін ғасырлар түкпіріне шегіндірген "Бес ғасыр жырлайдысы" ше?

Ал, "Сары қазақ" романы сол кезеңде қауіпті әдеби шығармалардың қатарында болды.
Мағауиннің қазақ әдебиеті мен тарихына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Жалғыз өзі бір институттың жұмысын атқарды!

"Тәуелсіздік алғанда өмір бойы осы жолда еңбек еткен біз жемісін көруіміз керек еді ғой. Олай болмады" деген Мұхтар Мағауин мұхит асты. Қазір АҚШ-та тұрады.

Қашанда айтқан сөзі ондыққа дәл тиетін ақсақалға ұзақ ғұмыр тілеймін!

Оңғар Қабден

Пікірлер