Туған әкесі 3 қызын бірдей көп жыл бойы зорлап келген

15861
Adyrna.kz Telegram

Жасөспірімдерді зорлау, оларды күшпен жыныстық қатынасқа итермелеу қылмыстары 2 есеге артты. Бұл туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов айтты. 2021 жылы сотқа 24 адамға қатысты 24 іс келіп түсткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Олардың 4-і прокурорларға қайтарылып, 9-ы бойынша шешім шығарылған. 8 адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл қазір кәмелетке толмағандарға қатысты "зорлау" және "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық" баптарының санкциялары қарастырылған.

Судьяның айтуынша, бұл қылмыстардың 98% - ын қыздардың өгей әкелері немесе аналарының бірге тұратын адамдары жасаған. Бірақ Әбсаттар Шахиддинов өткен жылы туған әкесі қыздарын зорлаған қылмысты да айта кетті.

"Қыздарының бірі әкесі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған кезде 5 сыныпта оқыған. Екіншісі де кәмелетке толмаған.

Ал әкесінен қорлық көріп, құрбаны болған үшінші қыз - ең үлкені. Әкесі сотталмағанға дейін бұл сұмдық жалғасқанын айтты.

Жантүршігерлік оқиға полицейлерге үлкен қызы тұрмысқа шығар алдында белгілі болды. Болашақ күйеуі әкесімен болған ортадағы әңгімеге куә болған. Ал анасы үйінде не боп жатқанынан бейхабар. Бәрі одан жасырын түрде орын алған.

Сот тергеуі барысында сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда, қыздардың айғақтары мен сарапшының оны педофил деп тану туралы тұжырымы өмір бойы бас бостандығынан айыруға шешілді.

"Мен мұндай қылмыстарды қарауды ұнатпаймын. Қазір, өкінішке қарай мұндайлар өте көп. Негізінен айыптаулар жас жәбірленушілердің айғақтарына негізделеді. Уақыт алшақтығы бар, мысалы, барлығы 2017 немесе 2018 жылдары болған, бірнеше эпизодтар бар. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қылмыстың нақты күнін есіне алмауы мүмкін,-деді Шахиддинов.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер