Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

2785
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады.

Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындағаны белгілі болды.

"Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды", - деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаменті өкілі. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер