«Ақжарқынның еш кінәсіз екеніне сенемін»: Меруерт Түсіпбаева Ақжарқын Тұрлыбайды түсінде көргенін айтты

8668
Adyrna.kz Telegram

Әнші Меруерт Түсіпбаева түсінде Қытайда өмір бойына түрмеге қамалған Ақжарқын Тұрлыбайды көріпті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында арнайы жазба жариялап, билікке үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Бүгін түсімде Ақжарқын Тұрлыбайды көріппін…. Ешқашан көрмеген, тілдеспеген адам неге түсіңе енеді екен?! Бәлкім , көп ойлағаннан шығар…. Қаршадай қазақтың қызы, тағдырдың тәлкегімен қайта келмес жастық шағын, тар қапаста, діні де, тілі де бізге жат, өзге елде өткізуде. Өз басым,  Ақжарқын туралы тың мәлімет пайда болса, елең етемін. Бас бостандығынан айырылып, #пожизненноезаключение құдай берген бар ғұмырын боданда өткізуден асқан қасірет бар ма адам баласына? Оның үстіне, нәзік қыз балаға…. Бұл оқиға, шетелге жиі шығатын жастарға үлкен сабақ! Танымайтын адамнан #пакет алмақ түгілі , сөйлеспей, жаныңа жолатпау керек, - деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі жақында адвокат Сұңқар Нұрмағанбетовтің Ақжарқынның анасына жазған хаттарының бірін жариялағанын атап өтті.

- Жақында жанашыр қазақтың бір мықты перзенті адвокат @sunkar_nurmagambetov Ақжарқынның анасына жазған хатын жариялады. Сіздер де оқыңыздар… ”Құрметті анашым! Менің отбасым туралы қаншалықты армандайтынымды білесіз: әсіресе бала кезімді мен бәрін қатты сағындым. Біздің жүрегіміз бір-бірімен тығыз байланысты екенін білесіз. Біз әлі де жақынбыз. Мен біздің отбасымыздың әрбір мүшесін сағындым және жақсы көремін. Сізден көбірек хаттар мен фотолар күтемін. Махаббатпен, қызыңыз Ақжарқын…. “ Қысқа хат болғанымен ( цензура мықты Қытайда) - сағынышқа , өксікке толы… Анасына сабыр берсін, жаратқан ием….МЕН Ақжарқынның еш кінәсіз екеніне кәміл сенемін. Қазаққа тән аңқаулықпен, албырт жастық шақтың салдыр- салақтығымен , ойланбай жасаған бір қадамы үшін, өмірі зая кетпесе екен! Тым болмаса , елге оралса екен! Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев тізгінді ала сала, Ақжарқынның мәселесін көтерген еді. Нәтижесі болсын деп тілейікші… Ағайын, дұғада болайық, жазайық, мәселені көтерейік!, - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер