Петропавлда мүгедектерге тегін берілген баспананы сатқан шенеунік сотталды

2300
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры жалға берілетін баспананы жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға тегін алғанымен, сатып жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Іскер шенеунік сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның орталықта жұмыс істемейтін екі сыбайласы жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, директор сыбайластары арқылы жалға берілетін баспана алу үшін құжаттар тізімін беріп, олар арқылы «қызмет» құнын да айтып отырған. Тергеу пара алудың он эпизодын анықтады, бұл бес миллионнан астам қаражат.

"Бір пәтер үшін 500-ден 600 мың теңгеге дейін. Тиісінше, процесті жеделдету мақсатында оң нәтижеге қол жеткізгісі келген адамдар қылмыстың сыбайластарына пара аударған. Сыбайластар мекеме директорына ақша аударған», - деді Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер