Ер адам 17 жастағы әйелінің басын кесіп алған

7224
Adyrna.kz Telegram

Ирандағы Ахваз қаласында ер адам 17 жастағы әйелін өлтіріп, кейін оның кесілген басымен адам көп жүрде серуендеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жергілікті жердің ақпарат көздерінің айтуынша, 17 жастағы әйелі басында күйеуінен Түркияға қашып кеткен. Оны Түркиядан Иранға алып келуге әкесі көмектескен.

Алаңда қызды өлтіруге ер адамға оның ағасы көмектескен. Екеуі де оқиға өткеннен кейін көп ұзамай ұсталды.

Полиция мәліметінше, ер адам әйелін “отбасылық жағдайға” байланысты өлтіргенін мәлімдеген. Әйелі үш жыл бұрын 14 жасында бала босанғаны да анықталды.

Белсенділер мен құқық қорғау органдары, бұл істі Ирандағы адалдық алдындағы қарапайым өлтіру ісі деп санайды. Мысалы ел заңындағы 630 бабына келсек, егер күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын көзімен көрсе, оны өлтіруге хақы бар.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер