Білім саласын жайлаған жемқорлық жайлап барады - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

1855
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ҚР Мемлекеттік Хатшысы Ерлан Карин мырзаның қабылдауында болдық.

1.Білім саласын жайлаған жемқорлық жайлап барады.

Әр ауылда мектеп пен бала бақша бар, тұрғындардың үлкен бөлігінің баласы мектепке немесе бала бақшаға барады.

Мемлекеттілігіміз үшін ең үлкен қауіп - халықтың мемлекеттік қызметкерлерге сенімінің азаюы..

Егер Президент Қ.Тоқаев бастамашы болған "Жаңа Қазақстан" саясатына халықты сендіргіміз келсе, білім саласындағы былықтарды тазартудан бастау керек.

Тазартуды халқы өте тығыз қоныстанған Түркістан облысынан бастамаса бұл індет бүкіл Қазақстанға тарала береді.

"Жеке басқа қарай қаржыландыру" деген сылтаумен бюджет қаржысы талан-таражға түсіп жатыр. Бала бақшалардағы "өлі жандарды" жою керек. Кейбір аудандарда бала бақша қызметкерлеріне ауырған күндері үшін жалақы төленбейді.

Оған онлайн оқуға байланысты алынған компьютерлер дауын қоссақ жағдай өте мүшкіл.

2. Министріміз өте білімді, істің жайын жақсы білгенмен, БжҒМ-н шығып жатқан құжаттарда шалалық көп.

Білім беру ошақтары басшыларын ротациялау туралы бұйрықты қайта қарамаса, барымыздан айрылып қалу қаупі бар..

Білім Басқармаларын тікелей министрлікке бағындыру керек.

Ал ол мүмкін болмаса, БжҒМ министріне 3-вице-премьер құзіретін жүктеп, басқарма басшыларын тағайындау міндетін министрге беру керек.

3. Еліміздегі 350 мыңға жуық педагогтың өкілі ретінде Республикалық Ағартушы қозғалысы атынан Ұлттық Сенім Кеңесіне Астаналық мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлын мүше етуіңізді сұраймын.

4. Өз басым "Қаңтар оқиғаларына" қатысты ұсталған Шымкенттік белсенділер Е. Құлбаев, Н.Татаев, М. Сәдібеков деген азаматтардың экстремизмге қатысы бар деп ойламаймын. Сондықтан, сол азаматтарды босатуға ықпал жасауыңызды сұраймын..

5. Жалпы, экстремизмнің алдын алумен ҰҚК немесе ІІМ органдарының бірі айналысса дұрыс болар еді.
Көтерген мәселелерімнің ұзын-ырғасы осы..

Ерекең алдыңғы 2 мәселені зерттеуге тапсырма беретінін айтты.

- Ал осында айтқан мәселелерді президент естуі үшін Ұлттық Сенім Кеңесіне сіздің кіргеніңіз жөн.

Сіздің постарыңызды оқып отырамын.
Сондықтан, 2019 жылы өзіңізге хабарласқанмын.

Сіз атаған белсенділер шеруге шақырмаған және ештеңе қиратпаған болса, босатылады!
Мемлекеттік Хатшы ҰҚК мен ІІМ экстремизммен күресінде айтарлықтай айырмашылық бар! - деп, екеуінің функцияларын түсіндіріп берді.

Қарапайым мектеп мұғалімін шақырып, жылы қабылдап, мұқият тыңдағаны үшін Ерекеңе алғыс айтқым келеді..

PS: Менімен бірге қабылдауда болған қоғам белсендісі Рүстем Есімханұлы Ашетаев көтерген мәселесін өз парақшасында жариялай жатар..

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

Пікірлер