Қазақстаннан басқа елдерге триллиондаған ақша аударылуда - дереккөз

4012
Adyrna.kz Telegram

Үш жылда Қазақстаннан басқа елдерге 2,4 триллион теңгеден астам қаржы жөнелтілді. LS ақпарат көзі олардың қайда көбірек аударғанын анықтады, деп жазады "Адырна" сайты. 

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылы ақша аударымдарының көлемі 1 триллион теңгеден асты, 2020 жылы бұл көрсеткіш 787,7 миллиард теңге, ал 2019 жылы 655,2 миллиард теңге деңгейінде болды. Соңғы үш жылда жалпы сома 2,4 триллион теңгеден астам соманы құрады. Осы кезеңде ақша аударымдарының көлемі 52,6%-ға өсті.

Ақшаның басым бөлігі Өзбекстанға кеткен. Бұл ел бұрын жетекші орын алған Ресейді ығыстырып тастады. Мәселен, соңғы бір жылда Өзбекстанға 298 млрд теңгеден астам қаражат аударылған (үш жылда + 114,4%). Одан кейінгі орында Түркия – 210,9 млрд теңге (+126%) және Ресей – 177,2 млрд теңге (-15,1%).

Сонымен қатар, осы кезеңдегі ең көп өсім Арменияда тіркелді, оған 33,6 млрд теңге (+257,4%), Грузияға – 32,8 млрд теңге (+180,3%) және Қырғызстанға – 144,4 млрд теңге (+65,6%) жөнелтілді.

Ақша аударымдарының көлемі туралы толығырақ ақпарат инфографикада берілген.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және қаржылық мониторинг агенттіктерімен бірлесіп, барлық транзакциялар мен елден қаражатты негізсіз алып жатқан тұлғаларға нақты мониторинг, тексеру және бақылауды қамтамасыз етуді тапсырғанын жазған.

Сондай-ақ ол үкіметке заңсыз шығарылған ақшаны елге қайтару бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер