Қазақстанда ауа-райы минус 30 градусқа дейін суытпақ

6206
Adyrna.kz Telegram

"Қазгидромет" Қазақстандағы 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарында күн ашық болғанымен, түнгі уақытта төменгі температура сақталады. 15 және 16 ақпанға қараған түні термометр бағаны 18-23 градус, ал кей аймақтарда 27 градус аязға дейін суытпақ.

Шығыс және оңтүстік-шығыста антициклон ығысуы салдарынан 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градусқа, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін төмендейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер