Баян Мақсатқызының тұрмыстық зорлық туралы фильмі Берлинде жүлдеге ие болды

1715
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының (ресейлік бірлескен продюсер Аннка Качко) отбасындағы зорлық-зомбылық проблемасы туралы «Бақыт» көркем фильмі Берлин кинофестивалінде «Панорама» бөлімінде «Көрермен көзайымы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Панорамада жеңімпазды киноиндустрия мамандарынан құралған қазылар алқасы емес, көргеннен кейін дауыс беретін шынайы көрермендер анықтайды. Биылғы жылы номинацияға 29 картина қойылды.

«Бақыт» фильмінің қорытынды эпизодында БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстанда жыл сайын 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан өлетіні, орта есеппен айына 120 зорлау, 5232 ұрып-соғу, 72 дене жарақатын салу, 14 кісі өлтіру және 48 өзін-өзі өлтіру фактілері айтылады.

2016 жылы күйеуінен зорлық көрген Баян Мақсатқызы Current Time басылымына берген сұхбатында сценарийдегі көп нәрсенің өз өмірінен алынғанын айтты.

«Мен елдегі отбасылық шындықтың Еуропада көрінуін қаладым, сонда ол менің елімде өз нәтижесін беретін болады. Мен отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңның жұмыс істегенін қалаймын. Соңында адамдар мұндай заңсыз әрекетті істеу мүмкін емес екенін түсініп, жазаланатын болады. Берлиндегі әлемдік премьера әйтеуір әсер етеді деп сенемін», – дейді Мақсатқызы.

Фильм продюсер есебінен және краудфандинг кезінде жиналған ақшаға түсірілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер