Ең жоғары зейнетақы мөлшері 550 мыңға жуық

2110
Adyrna.kz Telegram

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ еліміздегі ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін, сол сияқты тұрғын үй жағдайын жақсарту мен денсаулығы үшін қазақстандықтар жыл басынан бері қордан қанша қаражат алғанын мәлімдеді деп хабарлайды “Адырна”.

 turkystan.kz.мәлімдемесінше, жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 млрд теңге төлеген. Атап айтқанда, жасына байланысты төлемдер – 6,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 3,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 3,5 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 1,6 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңгені құраған.

«Қаражаттың 97 миллиард теңгесі, яғни оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 200 теңге болса, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 548 741 теңге болды», – делінген акционерлік қоғамның хабарламасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер