Киев қорғанысқа көшті. Бұл туралы қала мэрі Кличко мәлімдеді.
"Қала қорғаныс жүйесіне көшті. Қазір жекелеген аудандарда жарылыс пен атыс болып жатыр. Украина әскері Ресейдің диверсиялық күштерін жоюда. Өкінішке орай бұл диверсиялық күштердің кейбірі Киевке кіріп үлгерді. Жауымыз қаланы тізерлетіп, бізді жойғысы келеді.
Украина әскері Киев маңында қаланы қорғап тұр. Жағдай қиын. Алайда біз қарулы күштерімізге сенім артамыз. Оларға көмектесіп, қолдаймыз" деді ол.
Сонымен қатар Кличко қала тұрғындарына су, қажетті тамақтар мен заттарды алып, үйден шықпауларын сұрады.
"Адырна" ұлттық порталы