Алмаз Ержан «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесі құрамынан шығып кетті

1747
Adyrna.kz Telegram

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы, қоғам қайраткері Алмаз Ержан «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінің құрамынан шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Фейсбук парақшасына жазды.

«Маған артқан сенімдеріңіз үшін тағы да барлығыңызға алғыс айтқым келеді. Мен ел Президенті құрған «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығатынымды хабарлаймын. Себептер: Жеке өзіме пайда жоқ! Сонымен қатар, басқа адамдардың миллиардтаған ақшасына тегін жауап бергім келмейді. Бірден айта кету керек, мені ешкім қуып жібермеді, мені ешкім қыспаққа алмады, ешкім көндірмеді, қоңырау шалмады, т.б.», - деп жазды Алмаз Ержан.

Ол бұл шешімді 100% өзім қабылдағанын жазды.

«Менің қорға немесе олардың қор мүшелеріне ешқандай талаптарым немесе келіспеушіліктерім жоқ. Келесі жолы Алмаз Ержанның осындай жобаға қатысуын қаласаңыз6 алдымен оны осындай жобаның төрағасы немесе басшысы етіп тағайындап, оған өз командасын жинауға мүмкіндік беруді ұсынамын. Содан кейін мен сізге әрбір тиын үшін жауап беремін. Баршаңызға маған сенім артқандарыңызға көп рахмет!», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңес жаңа құрамда сайланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер