Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынуда

2330
Adyrna.kz Telegram

Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай спорт кешендері салынуда, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде өңірде елімізде теңдесі жоқ ескек есу базасының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда ескек есуден облысымыз бен еліміздің ұлттық құрамасы жатығып қана қоймай, халықаралық додалар өтеді деп жоспарланып отыр.

Нысан биыл пайдалануға берілмек. Облыс әкімі жобаны жүзеге асыру барысында суды үнемдеуге мән беру керектігін ескертті.

«Су шаруашылығы мамандарын шақырып, жан-жақтан су тартудың қосымша көздерін қарастыруды тапсырамын. Бұл спорттық және туристік кешенде де су үнемдеу жүйесін қолдану керек», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі одан кейін Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс барысын қадағалады.

Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасатын бұл нысан да биыл ел игілігіне тапсырылмақ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер