“Мен – еркекпін. Сөйлесейік, неден қорқасың?”: Зеленский Путинге бейнеүндеу жолдады

4525
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей лидері Владимир Путинді "соғысты тоқтату үшін" келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Зеленскийдің айтуынша, ол Донбасстағы жағдайды талқылауға дайын. 

«Саған не берейік, не керек? Жерімізден кет. Қазір кеткің келмесе, келіссөз өткізейік. Мен еркін адаммын. Келіссөз үстеліне отыр. Тек 30 метрлік үстелге емес. Мен – көршіңмін, мені 30 метр қашықтықта ұстаудың керегі жоқ. Мен – еркекпін. Сөйлесейік, неден қорқасың? Біз ешкімге қауіп төндірмейміз, террорист емеспіз. Бөтен жерді де жаулап алған жоқпыз», - деді Зеленский Батыс БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты кезінде.

Сонымен қатар, Украина президенті НАТО-ның өз елінің аумағында соғыс қимылдарын тоқтату мүмкіндігіне күмән келтірді.

Зеленский Мәскеудің Киевке қоятын талаптарын түсінбейтінін айтты.

"Біз Ресейге шабуыл жасап жатқан жоқпыз, оған шабуыл жасамаймыз да. Біз НАТО-дамыз ба? Жоқ. Бізде ядролық қару бар ма? Жоқ. Мен не айтуым керек, кімге бірдеңе беруім керек?", - деді баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін 3 наурызда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер өткен болатын. Бұл келіссөздердің екінші раунды. Алайда Украина қалаған нәтижеге жете алмады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер