ҚР Үкіметіне ұсыныс

8864
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тілі қазіргі қолда бар мүмкіндіктермен дами алмайды. Заңдама да былжыр – нақтылық жоқ. Қолдағы мемлекеттік ресурстар мен тетіктердің өзі әр ведомостыға қарап шашылып жатыр:

  1. Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігінде - «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мен Рухани жаңғыру орталығы, осыларға бөлінген қыруар қаржының тиімділігі өз алдына мәселе;
  2. Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Тіл комитеті, Тілбілім институты, «Тілқазына» орталығы, Қазтест жүйесі – бұлардың өзі бір бірімен жүйесіздікте - не тындырады, қалай тындыратыны – тағы мәселе.

Бұлар бір бірімен бірікпейді, үйлесімді жұмыс жоқ – бір орталықтан жымдастыратын орган жоқ.

Сондықтан  Тіл комитетін Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігіне қарату керек (Алтынбек Сәрсенбаев кезінде солай болған – Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі) және Тілбілім институты, «Тілқазына» орталығы, Қазтест жүйесін және Рухани жаңғыру орталығын  - бір корпорацияға біріктірген дұрыс. Сонда қаржы мен ресурстар, әлеуеттер бір мәселені тіл мен рухани жаңғыру тақырыбына біртұтас түрде арнай алатын болады. Тіл мәселесін рухани жаңғырудан тыс шешудің өзі - абсурд!

Бүгінгі таңда қазақ тілінің қажетіне жұмсайтын бюджеттен тікелей қаржы жоқ! Әлеуметтік тапсырысқа қарап мөлиіп отыр...

Серік Ерғали, лингвист, «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының мүшесі

Пікірлер