Путиннің жоспары іске аспады, Украина жеңіске жетеді - АҚШ Мемлекеттік хатшысы

6343
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жетуі мүмкін деген сенім білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы оның ВВС-ге берген сұхбатында айтылды.

Америкалық дипломат украин халқының ресейлік басқыншыларға қарсы күрестегі ерекше төзімділігін жоғары бағалады.

«Егер Мәскеу қандай да бір жолмен үкіметті құлатып, өзінің қуыршақ режимін орнатуды көздейтін болса, 45 миллион украиндық мұны қабылдамайды», - деп сендірді Блинкен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы соғыс енді агрессор елдің басшысы Путин жоспарлағандай жүрмейтінін баса айтты. Ол Ресей армиясының басып кірудің оныншы күні ел бойынша алға жылжуына кедергі жасауды жалғастырып жатқан украин әскерлерінің қиян-кескі қарсылығын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер