"Путин оңбай қателесті, билігі 1 жыл ішінде құлайды" - Марко Папич

8273
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруге шешім қабылдаған кезде қателік жіберді. Ол өз мемлекеті мен армиясының шектеулі мүмкіндіктерін, сондай-ақ украиндықтардың қазіргі кездегі қарсылығын ескермеді. Мұндай есептен жаңылыс салдарынан Путин өз билігін жоғалтып алуы мүмкін. Бұл мәлімдемені Clocktower Group компаниясының бас стратегі Марко Папич жасады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Оның пайымдауынша, Путиннің Ресей көшбасшысы ретінде сәтсіздікке ұшырауы алдағы 12 айдың ішінде орын алуы мүмкін. Сарапшы саясаткерлер шектен тыс қате шешімдер қабылдап, шектеулі мүмкіндіктерін елемеген кезде, жазаланатынын атап өтті.

"Біріншіден, украиндар өте, өте қатты соғысуда. Екіншіден, ресейлік әскерилердің нақты соғыс жүргізу тәжірибесі болған жоқ. Үшіншіден, Украина басып алу үшін өте қиын жер", - деп Папич Путиннің қателіктерін тізіп берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер