Зюганов: Қазақстанда АҚШ-тың 9 зертханасы бар

20355
Adyrna.kz Telegram

5 наурызда Мәскеуде Сталиннің қайтыс болуына 69 жыл толуына орай коммунистер, солшыл патриоттық ұйымның мүшелері және партия жақтастары еске алу акциясын өткізді. Шара барысында Ресей коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов Қазақстанда АҚШ-тың 9 зертханасы бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Украинадағы билік ешкімнің басын көтеруге мүмкіндік бермейтін нацистік-бандералық топтың қолында болды. Оларға қарсы шыққан кез-келген адамды не қудалады, не жазалады, не болмаса жай ғана қырып тастады. Оның үстіне американдықтар Зеленскийді жерді сатуға мәжбүр етті. Өйткені, Украинада әлемдегі аса құнарлы қара топырақтар бар. Сонымен қатар, бір мезгілде біздің шекарамыздың периметрі бойынша он бес биологиялық зертхана орналастырылды, онда бірде-бір украин қызметкері болмады, тек американдық мамандар Ресей мен оның халқын уландыратын жаңа бактерияларды дайындап жатты. Мұндай зертханалардың бесеуі Грузияда, тоғызы Қазақстанда орналастырылды. Сондықтан әскери-саяси операция барысында Украинадағы осы он бес зертхананы Ресей Қарулы Күштері қиратуы кездейсоқ емес, - деп мәлімдеді Зюганов.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер