Ресей армиясының шығыны 11 мың адамды құрады: 285 танк, 44 ұшақ жойылды

13190
Adyrna.kz Telegram

24 ақпанда Украинаға басып кірген Ресей армиясының қатары 11 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлерге азайып кетті. Соғыстың он бірінші күні басқыншылар 300-ге жуық танктен, 40-тан астам ұшақтан және 50 тікұшақтан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сондай-ақ украиндық қорғаушылар белгілі бір позицияларды тұрақты ұстап, қарсыласты талқандауды жалғастыруда. Бұл туралы Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

24.02-ден 06.03-ке дейінгі жаудың жалпы әскери шығындары шамамен:

  • жеке құрам - 11 мыңнан астам адам;
  • жауынгерлік құрышпен қапталған машина  – 985 бірлік;
  • автомобиль техникасы - 447;
  • танктер - 285;
  • артиллериялық жүйелер - 109;
  • жанар-жағармай материалдары бар цистерналар - 60;
  • дүркін оқ атудың реактивті жүйелері – 50;
  • тікұшақтар-48;
  • ұшақтар-44;
  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары - 21;
  • жедел-тактикалық  деңгейдегі ұшқышсыз ұшатын аппараттар - 4;
  • жылдам жүзетін катер - 2.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер